Сынық туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 08:48, реферат

Описание

Оның латералды — ұрттық беті шығыңқы болады. Бет сүйегі үш өсіндісі арқылы маңдай, самай, жоғарғы жақ сүйектерімен жалғасады, осыған байланысты сүйектердің жалғасқан жерлері жіктеп аталады (бет-маңдайлық, бет-жоғарғы жақтық, бет-самайлық). Бет сүйегінің көздік беті көз ұясының латералды қабырғасын, жартылай оның түбін құрайды, ал артқа қараған са-май беті, самайасты шұңқырын құрайды.
Бет сүйегі доғасын құрауға самай сүйегінің самай өсіндісі қатысады. Бұл доға жұмсақ тіндермен өте жұқа қапталған және ең шығыңқы жері, осыған байланысты көп жарақаттанады.

Содержание

Кіріспе………… 3
1 Ренттенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын симптомдар………… 5
2 Мұрын сүйектерінің сынықтары…………. 7
3 Тыныс алу жеткіліксіздігі………… 15
4 Емдеу…………. 16

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 35.42 Кб (Скачать документ)

Жоспар 

 

Кіріспе………… 3

1 Ренттенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын симптомдар………… 5

2 Мұрын сүйектерінің сынықтары…………. 7

3 Тыныс алу жеткіліксіздігі………… 15

4 Емдеу…………. 16 

 

 

 

Кіріспе 

 

Бет сүйегі -бет қаңқасының бүйір бөлімін құрайтын жұп сүйек.

Оның латералды — ұрттық беті шығыңқы болады. Бет сүйегі үш өсіндісі арқылы маңдай, самай, жоғарғы жақ сүйектерімен жалғасады, осыған байланысты сүйектердің жалғасқан жерлері жіктеп аталады (бет-маңдайлық, бет-жоғарғы жақтық, бет-самайлық). Бет сүйегінің көздік беті көз ұясының латералды қабырғасын, жартылай оның түбін құрайды, ал артқа қараған са-май беті, самайасты шұңқырын құрайды.

Бет сүйегі доғасын құрауға самай сүйегінің самай өсіндісі қатысады. Бұл доға жұмсақ тіндермен өте жұқа қапталған және ең шығыңқы жері, осыған байланысты көп жарақаттанады. 

 

1 Ренттенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын симптомдар.  

 

1) Бет-альвеолды өсіндінің, көз ұясының төменгі қыр бірлігінің бұзылуы, гаймор қуысына қан кетудің салдарынан қуыстың рентген суретте анықтығының төмендеуі, көз ұясы көлемінің тігінен үлкеюі (бет сүйегінің немесе жоғарғы жақ сүйегінің бет сүйегімен бірге төмен жылжып түсуіне байланысты).

2)… 

 

<…> Қазіргі кезде бет сүйегінің және   оның   доғасының сынықтарының  көптеген  оперативтік ем тәсілдері баршылық. (Дубов, Е. Ю. Брагин, Матас-Берини, Ходарович, және Баринова В. Н. тәсілдері). Біз жиі қолданатын хирургиялық ем тәсілдеріне тоқталайық.

1. А. А. Лимберг тәсілі 10 тәулік ішінде қолданылады. Орнынан жылжыған бет сүйек және оның доғасының сынығын, терідегі тілік арқылы арнайы көлденең орналасқан сабы бар ілмекпен іліп алып сыртқа және жоғары тартып орнына салады (44-сурет).

44-сурет. Лимберг ілмегімен бет сүйегінің сынығын репозиция жасау  

 

2 Мұрын  сүйектерінің сынықтары 

 

Анатомиялық тұрғыдан қарағанда мұрын сыртқы мұрын және мұрын қуысына бөлінеді. Сыртқы мүрын беттің ортасында орналасып, оның пішіні сүйек және шеміршекті құрылысына байланысты әртүрлі болады. Сыртқы мұрынның маңдаймен жалғасқан жерін мұрын түбірі дейді, төменірек мұрын жотасы орналасқан, ол мұрын ұшымен шектеледі. Бүйір бетінің төменгі жағында танауды шектеп тұратын қанатшалары орналасады.

Мұрын сүйектері көбіне соққы  бүйірінен тигенде сынады. Бұл жағдайда сынық соққы тиген жағында ішіне қарай (ортаңғы сызыққа), ал қарама-қарсы бетінде сыртқа қарай ығысады. Егер соққы алдынан артқа қарай тисе мұрын сүйектері маңдай, жоғарғы жақ сүйектерімен жалғасқан жіктері бойымен сынады және мұрын пердесі зақымдануы мүмкін. 

 

<…> Ол кенеттен пайда болады, күндіз немесе түнде екіншілж қан кету пайда болғанға дейін мынадай белгілері біліне бастайды: а) жа-рақатта еш себепсіз ауыру сезімі күшейеді; б) жарақаттан қан шыға бастайды; в) қанды сілекей аралас қақырық немесе жөтел пайда болады; г) ауыз қуысы түбінде және мойында ірі қан тамырлар маңайында іріңді процестер күшейеді. Дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейін ұйқы артериясын қысу қажет. Шұғыл дәрігерлік көмек — қысқаш салып, тамырды екі лигатурамен көрші жұмсақ тіндерге бекітеді. Қан тоқтатқаннан кейін науқастарға антигеморрагиялық, антибактериялық дәрілер тағайындалады. Қатаң төсек режимі, арнайы бақылау жасайды. 

 

 

 

3 Тыныс алу жеткіліксіздігі. 

 

Негізгі үш түрі бар: орталық, шеткі және аралас.

Орталық түрі көбінесе бет-жақ аймағы, бас-ми жарақаттары бар науқастарда кездеседі. Шеткі тыныс алу түрі бас-ми жарақатымен қатар іш пен төс жарақаттанған кезде болуы мүмкін. Сондықтан тыныс жолдарында айқын обтурация көрінеді. Әсіресе жұтқыншақта, құсық массалары, қан мен аралас бөгде заттар білінеді. Клиникалық көрінісі: тыныс алуы бұзылады. Көмек көрсету ауыз қуысын тазарту, жұтқыншақты тазартып, ауаның енуін қамтумен сипатталады. Ол егер ауыр болса трахеостома салуға тура келеді. 

 

4 Емдеу. 

 

2 см-ден асқан сүйектің сынуы кезінде мықты фиксацияның өзінде қалпына келмей жалған буын дамиды. Мұндай жағдайда сүйек рамасы немесе бұрандалы пластинкамен остесинтез синтездеу әдісі тиімді келеді. Сынықтарды бекіткеннен кейін түзілген ақауға, аутотрансплантат енгізеді.

Жарақатты остеомиелит. Төменгі  жақтың жарақатты сынығы кейде жарақатты остеомиелитпен асқынады. Ал жоғарғы жақта мұндай асқынулар сирек кездеседі.

Остеомиелиттің дамуына жергілікті факторлардың әсері бар:

1) Сынықтың ұзақ уақыт  қозғалмалылығы инфекцияныц енуіне жағдай жасауы.

2) Сынық тұсында созылмалы процестері бар түбірлер мен тістердің болуы.

3)… 

 

<…> Себепкер тісті жұлып, қасықпен ұяшықты қырған кезде ұсақ секвестрлер мен грануляциялар шығады. Бұл топтағы науқастарда жақтың альвеолды жиегінің, сынықтың төменгі бөлігіндегі репоративті процестермен бірігіп қабынуы тән. Бүл кезде рентгендік және клиникалық көріністер сәйкес келмейді. Мүның себебі жулынған тіс үяшығындағы дамыған остеомиелит процесі сынық бойындағы сызықтан фрагменттердің бітісіп кетуіне кедергі келтірмейді.  

 

<…> Жарақаттан соң алғашқы күндері жарақатты гаймориттің айқын клиинкалық белгілері болмайды, себебі бұл уақытта жақ сынығының клиинкалық көрінісі басым келеді. Науқастың басы ауырып, мұрын арқылы дем алысы қиындайды, мұрынынан алғашында серозды, сонан соң іріңді қан бөледі, дене қызуы көтерілуі мүмкін. 

 

<…> II кезеңнің негізгі мақсаты қабыну процестерінің алдын алу және сүйек тінінің репаративті регенерациясына қалыпты жағдай жасау болып табылады. Сондықтан 1-ші кезеңдегі шаралар одан әрі жалғастырылады, қосымша: метилурацил 0,5—3 рет, кальций глюканаты 0,5×3 рет тағайындалады. Күн сайын құрсаудың жағдайы тексеріліп, ауыз қуысының гигиенасына көңіл бөлінеді. Жарақаттанған кезден бастап 3-ші күні УЖЖ, жалпы кварц сәулесі тағайындалады.


Информация о работе Сынық туралы