Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау

Дата добавления: 27 Мая 2013 в 15:42
Автор работы: z************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать (24.60 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері.docx

  —  27.06 Кб

Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік  дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын  барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  • 1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);
  • 2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);
  • 3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);
  • 4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбір түрлеріне жалпы сипаттама

Терроризм

Қоғамдық қауіпсіздік  пен қоғамдық тәртіпке қылмыстардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — терроризм. Заңда терроризм — адамдардың қаза болуы, елеулі зиян келтіру, не қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-ерекеттер жасау деп айқындаған. Бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалады. Сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту да терроризм әрекет ретінде қарастырылады.

Терроризм — адамдар топтасқан немесе құнды мүлік сақталатын жерлерде жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруды көздейді. Сонымен бірге терроризмге қарудың әр түрін, улы заттарды қолдану егер пұл әрекеттер адамның өміріне, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, топырақтың құнарлылығына және осыған ұқсас нысандарға қауіп төндіретін болса, халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін түрлі жүйелерді жою немесе бұзу, гранатометадан немесе оқпен атылатын қарудың басқа түрінен оқ жаудыру; электр және су жабдықтарын істен шығару жатқызылады. Аталған әрекеттерді жасаймын деп қорқыту дегеніміз — бірынғай ниетті шын мәнінде жүзеге асыруды айғақтайтын әрекеттермен ұштасуы мүмкін терроризм актісін жасаймын деп тікелей айтуды көрсетеді, мысалы, жарылғыш заттарды сатып алу, жарылғыш қүрылғыларды орнату және т.б.

Террорлық әрекет жасаған сәттен бастап адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер аяқталған қылмыс деп танылады. Өлімнің немесе басқа да зиянды салдардың нақты туындауы терроризмі аяқталған қылмыс деп тану үшін талап етілмейді. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не билік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты — терроризмнің міндетті белгісі. Соған орай, террорлық әрекет жасаған адам қоғамды астаң-кестең қылуға, көптеген адамдардың өміріне, денсаулығына мүлкінің сақталуына және т.б. қорқыныш сезімін тудыртуға ұмтылады. Террорлық әрекетті дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен террорлық әрекеттің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

 

Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау

Жарылыс, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттердің дайындалып жатқандағы туралы көрінеу жалған хабарлау халық арасында үрей туғызады, нерв жүйесіне әсер етіп, қорқыныш адамдардың көпшілік бөлігін жарылғыш заттарды іздеп, зиянсыз әрекет етуге итермелейді. Сондықтан осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті бекіту әбден заңға сәйкес болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған мұндай қылмыстар тек мемлекеттік басқару органдарының қалыпты қызмет етуіне ғана емес, сонымен бірге мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне, сондай-ақ жеке азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне де зиян келтіреді.

Мұндай зиян келтіру дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы тиісті құқық корғау органдарына, мекемелер немесе кәсіпорындарға, сондай-ақ жеке азаматтарға көрінеу жалған хабарлаудан тұрады. Дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы хабар түрлі нысанда және түрлі тәсілмен жасалуы мүмкін: ауызша, жазбаша, телефонмен, басқа адамдардың көмегі арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, анонимді түрде және т.б. Айыпты адам өзінің көрінеу жалған мәлімет хабарлайтынын біледі және сол арқылы ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның әкімшілігін және қалың бүқарпнМ үрейлендіріп, қоркытқысы келеді. Бұл қылмыс құрамының міндетті белгісі көрінеу жалған мәлімет болып есептеледі. Ол адамның ойдан құралған мәліметінің шындықты жанаспайтынын білетіндігін білдіреді. Алайда соған қарамастан, ол қандай да бір себепке байланысты, оны біреулерге жеткізгісі келеді.

Бұзақылық

Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі.

Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысаінында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстарына қатысты жасалса, бұзақылық деп сараланбайды. Бұзаақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін.

Бөтеннің  мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.

Тағылық

Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.[1]


Описание
Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.
Содержание
содержание отсутствует