Заңды тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:12, курсовая работа

Описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.
1.1 Заңды тұлғаның ұғымы...........................................................................4-7
1.2 Заңды тұлғаның ұғымының жіктелуі...................................................8-11
2 Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.................
2.1 Заңды тұлғаның құру негізі................................................................12-14
2.2 Заңды тұлғаның ерекшелігі.. 15»
2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекеттік қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы................................................................................................25-28
2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар.............................................29-30
3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі........31-33
Қорытынды.................................................................................................34-35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Курсовая Заңды тұлға .doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

Тұлғаның екі  категориясы бар. Құқық субъектілері ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам құқық субъектісі. Бірақ, құқыққа субъектілердің  басқа да  категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.

Жоғарыда айтылған, екі категориялы құқық  субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды  жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп  мекемелерді, ұйымдарды кәсіпорындарды  және т.с.с. айтады.

Меншік,  шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері  бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер  бола алатын  ұйым заңды тұлға деп танылады.

Қазақстан Республикасының  жаңа Азаматтық кодексінің 33 бабының  Қазақ КСР-інің 1964 жылғы Азаматтық  кодексінің 23 бабынымен салыстырғандағы  ерекшелігі сол, онда заңды тұлғаның  оқшау мүлкі айқын көрінетін  мүліктік құқықтары  тура көрсетілген. Бұл меншік құқығы (188-бап), шаруашылық жүргізу құқығы (196-бап), оралымды басқару құқығы  (202-бап).

Заңды тұлғаның жоғарыда келтірілген анықтамасында  оның белгілері көрсетілген анықтамасында  оның белгілері көрсетілген: оқшау мүлкінің болуы, осы мүлікпен өз міндеттемесі  бойынша дербес жауапкершілігі  болуы, өз атынан азаматтық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асыруы, сотқа талапкер және және жауапкер ретінде қатысуы.

Жалпы алғанда  заңды тұлғаның  мүліктік және мүліктік емес болып бөлінетіндігі жөнінде айтылады. Мүліктік ұйымдар кіріс түсіру мақсаты болып табылатын және алынған кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлғаны айтамыз. Мүліктік емес ұйымдар кәсіпшілік қызметіне салық салу болып табылады. ҚР-ның  салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды тұлға өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік тіркеуді әділет министрлігі  жүзеге асырады.  Мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны үшін сотқа шағым беріледі.  Заңды тұлға мемлекеттік лицензия алғаннан  бастап құрылады  және банкрот немесе  қайта құру  кезінде  тоқтатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана, 2007ж
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – Алматы, 2006 ж.17бет
  3. Өзбекұлы С. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы: «Жеті  жарғы » 2006 ж. 155-159 бет
  4. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының  құқық негіздері» - Алматы: «Жеті жарғы» 2003 ж. 35 бет
  5. Жоламан Қ.Д «Мемлекет және құқық теориясы» - Алматы: «Каз МЗУ»,2000ж,110 бет
  6. Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» - Алматы: «Жеті жарғы» 2001 ж,  383-389 бет
  7. Сапарғалиев Ғ. «Мемлекет және құқық теориясы» - Алматы: «Жеті жарғы» 2000ж, 112-115 бет
  8. Булгакова Д.Л. «Мемлекет және құқықтың жалпы   теориясы» - Алматы: 2004 ж, 335-338 бет
  9. Мұхтарова А.Қ. «Мемлекет және құқық теориясы» - Алматы: «Жеті жарғы»  2001ж, 383 бет
  10. Төлеуғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» - Алматы: «Жеті жарғы» 2001 ж, 383 бет
  11. Сейімханқызы Ә «Заңды тұлға» // Заң – 2005. №10, 4-8бет
  12. Зиманова С.З. «Заңды тұлғаның ерекшелігі» // Заң және заман – 2006ж,№3, 11-12 бет
  13. Тасболатова  А. «Заңды тұлғаның арнаулы құқықтары » //Ақиқат . 2007ж №67,15бет
  14. Фефелов П.Н. «Заңды тұлғаның құрылуы» //Егемен Қазақстан, 2007 ж,№5, 8-9бет
  15. Хабина Н. «Заңды және жеке тұлға»// Заң 2005 ж №19 3-9 бет

 


Информация о работе Заңды тұлға