Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалуының белгілері

Автор работы: f***********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 08:37, доклад

Описание

Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлап еніп, өзінің көкейкестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсуде. Осыдан суицид дегеніміз не? деген сұрақ туындайды. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол жұмсау» деген мағыны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию. «Өз-өзіне қол салу қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады. Жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қияды, ал 10-20 милиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Өзіне-өзі қол салу әрекеті дегеніміз – саналы түрде өз өмірін қандай да жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Аяқталған суицид деп - өлімге әкеліп соққан әрекетті айтады.