Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 12:51, дипломная работа

Описание

Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.

Работа состоит из  1 файл

дипломная ..doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

а) Жануарлар тiршiлiгiнде, яғни филогенезде тұқымнан – тұқымға берiлiп отыратын нышандар. Бұл дәрежедегi нышандарға шартсыз рефлекстер тiзбегi, жоғары нерв қызметiнiң типтерi, әркiмнiң дер кезiнде өзiн-өзi тежеуi,әдетте тез көндiгiп, одан жедел құтылуы жатады. Мұндай нышан түрлерiнiң тегi генезисi жануарлармен адамдарда бiрдей.

 ә) әлеуметтiк  өмiрде қалыптасып, тұқым арқылы берiлiп отыратын нышандар: iштей туа берiлетiн тiлге үйренуi мен интеллектiге «ақылдылыққа» байланысты мүмкiншiлiктерi мен қабiлеттерi. Нышанның мұндай түрлерi маймылдардың адамға айналу процесiнде (антропогенде) қалыптасқан.

2. Ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп, бiрақ туғаннан кейiн қалыптасатын нышандар. Нышандардың бұл тобына адамның әр алуан қимыл-қозғалыстары, тiк жүруге, сыртқы дүниенi сана-сезiмi мен ақыл-ойы арқылы талдап-бiрiктiру арқылы танып бiлуге бейiмдiлi гiмен байланысты. Нышандардың бұл тобына К.Леви-Стросстың «Ойдың алғашқы табандары» дейтiн пiкiрлерi де жатады.

3. Тiршiлiкте  шартсыз рефлекстердi («бұл не?»  рефлексi мен т.б.) бөгде тiтiркендiргiштермен  ұштастырудан пайда болып отыратын  нышандар. Мысалы, балада шартты  рефлекс жасалса, кейiн бұл шартты рефлекстердiң басқа да түрлерiн жасауға жеңiлдiк бередi. Бөгде тiтiркендiргiштердi шартсыз тiтiркендiргiштермен, мысалы тамақ т.б. ұштастырып отыру нәтижесiнде, балада бұрын кездеспеген икемдiлiк пайда болады деген қорытынды шығаруға болады. Мұны К.К. Платонов және басқа психолог-ғылымдар нышанның психологиялық түрi деп атайды. Осы айтылған жәйттер адамның тура берiлетiн нышандарының жиынтығын бiлдiредi. Жеке адамдарда (индивидтерде) нышандар жиынтығы түрлiше. Бiреулерде нышандар мол болса, ал басқаларда ол сирек кездеседi. Әрбiр адамның өзiне тән даралық қабiлеттерi де болады.

Мысалы, адам бойынан  ыждахаттылық, сабырлық, баяулық пен  абыржу, жайдарылық пен ашуланшақтық, сезгiштiк пен аңқаулық, өзгелердiң  сөзiне сыншылдық пен нанғыштыққа  байланысты қабiлеттер жиi ұшырасады. Сондай-ақ белгiлi бiр iс-әрекеттi орындауға қабiлеттiлiктер де бар. Мысалы, есеп шығаруға қабiлеттiлiк мынадай бөлшектерден құралады: ойдың ширатылып, бұрынғы әрекеттерге ауысып отыру икемдiлiгi, ойдың ұшқырлығы немесе қажет болған кезiнде бұрынғы пiкiрден қайтқыштығы т.б. Ал, адамның күрделi iстердi менгеруi мен оларды шеше бiлу қажеттiлiгi «Құмалақтар тәрiздi» ұсақ қабiлеттiктерден құралады. Адамның сана-сезiмi мен ақыл-ойы өскен сайын (iске дарындылық), оның нышандары мен ұсақ қабiлеттiлiгi күрделi қабiлеттiлiктiң (дарындылықтың) құрамына енедi.

 Дегенмен, әр түрлi дәрежедегi нышандардың көпшiлiшгi күрделi бiр қабiлеттiлiктiң өсiп  өркендеу үшiн қызмет атқарады. Күрделi деп саналатын қабiлетiлiк  нышандардың жаңа комбинациясынан тұрады деу-сол нышандар саны адам бойында онша көп бола бермейдi деген пiкiрге жетелеп әкеледi.

Мысалы, XX ғасырдың II жартысында адам қоғамындағы ғылым мен өнердiң дамуына сәйкес космос техникасы дамып шықты да, бұл техниканы меңгеру үшiн космонавт мамандығына сай қабiлет қажет болды. Бiрақ осы талапқа орай космонавт мамандардың бойына iштен туа берiлген жаңа нышандар қосылған жоқ. Космонавт мамандығына лайықты қабiлет бұрынғы iс үстiнде кездесiп жүрген көне нышандар комбинациясынан құрастырылады. Мұндай комбинациялардың жасалуы өмiр тiршiлiгi үшiн аса қажеттi. Егер әрбiр жаңа қабiлетке сай, бүйректiң еттi бөлiп шығаратыны сияқты бiздiң денемiз жаңа нышандарды бөлiп шығаратын болса, адамды үнемсiз әрекеттерге ұшыратып, жер бетiнде адам ұрпағы қалмаған болар едi.

Кез келген салада қабiлеттiлiктiң пайда болуы мынадай жолмен жүзеге аспақ. Заманның мұқтаждығы манипуляторға әсер етедi. Соның нәтижесiнде, манипулятор адамға әсер етiп, оның бойындағы нышандардан жаңа комбинациялар жасауға ықпал етедi. Ал адамда сол нышандардың жеке комбинацияларынан қажеттi iстер мен мамандықтарға лайықты қабiлет дамып шығады. Осы айтылған жәйттер  тиiстi салаларға қажеттi қабiлеттiлiктердiң қалайша дамып отыратындығын жете түсiну үшiн жеткiлiксiз. Себебi, нышандардан жаңа комбинацияны әлеумет  ортасы тудырады дегенмен, сол ортаны жасайтын да адамның өзi. Өйткенi әлеумет ортасы, соның iшiнде тәрбие жұмысы, қаншалықты өрiстi болғанымен, сол ортада адам тек, нышандармен ғана түрлi-түстi iс-әрекеттер жасай алмайды. Нақтырақ айтсақ, нышандардан жаңа комбинация жасайтын да жеке адамдар.

Бұл жұмысты адамзат өзiнiң алдына қойған мақсатына, атқаратын iстерiнiң сипатына қарай орындайды. Мұны қабiлеттiлiктiң әрекет үстiнде дамуы дейдi. Бiздер адамның iс-әрекетiне байланысты бұрынғы бейнелердi белгiлi бiр нәрсенiң түпнұсқасымен, мысалы бейнелермен байланыстырамыз. Мұның өзi адам өмiрiнде үлкен орын алады әрi сырттан келген мағлұматтарды iшкi әрекеттерге айналдырудың жаңа бiр түрi болып саналады.

«Әрекет» деген ұғымды бiрбеткей түсiнбей, адамның ұрпақтан берiлетiн табиғи нышандарын қабiлетке қалай айналдыруға болатынын да түсiнудi керек етедi. Зерттеушілердің пікірінше, «Қалқып тұрған» нышанды ояту үшiн оның қажеттiгiн тек әлеуметтiк ортамен ұштастыра отырып, адам тәрбиесiнiң қызметiн жандандыруға бағдарлау керек. Бұл әрине, еңбек етiп, күш жұмсауды талап етедi. Бiрақ күш жұмсап, әрекеттенудiң бәрi нышандардан комбинация жасалып, қабiлеттiлiктердi тудыруда қалаған нәтижелер бере бермейдi. Адам қабiлетiнiң дамуы- оның әрекетi бағытталған объектiлерден үздiксiз хабар алып, олардан туындаған нәтижелерге сүйенуiне байланысты. Мысалы, бала өзiнiң каллиграфиясын жақсарту үшiн жақсы жазылған әрiп үлгiлерiне сүйенедi. Оның жазуы сол үлгiлерге сай келсе, онда дұрыс болғаны, ал сай келмесе, онда ол өз кемшiлiгiн жөндеуге әрi қарай әрекеттенедi.  Сол сияқты, аңшы оғының тиген-тимегенi жайында аңнан хабар алып отырса, онда ол келешекте атқан оғын қалайда аңға тигiзу айласын iздестiрiп, өз қабiлетiн дамытады. Осы жәйттер қабiлеттiң нышандардан қалайша дамып шығатынын дұрыс түсiнуге мүмкiндiк бередi.

Өйткенi, қабiлет нышандар комбинациясынан бiрден дамып шықпайды. Нышан мен қабiлет дәрежесiне жету арасында әрекет немесе ойланып-толғану қажеттiлiгi бар.

Сондықтан әйгiлi психолог С.Л. Рубинштейн қабiлеттiлiктiң шығу тегi психикалық процестерден пайда болады дегендi. Сонымен, кейбір психологтар қабiлеттiлiктiң дамуын математикадағы ықтималдық теориясымен ұштастырады. Бұл үлгiнi қазақ  тайпасы сонау көне заманда-ақ  жасаған. Осы ретте қабiлеттiлiктiң қалайша дамып, өрiстеуi жайында белгiлi түсiнiктерi болған. Бұл сол  ертедегi адамдардың, ақыл-ойының даму ерекшелiктерi мен оның дәрежесi жайында да бiрсыпыра нақты деректердi бiлдiредi.

Әрбiр адам туғанда оның белгiлi бiр қабiлетi болады. Әдетте, қабiлет деп адамның белгiлi бiр iс-қимылға бейiм болуын айтамыз. Адам өмiрiнде қабiлеттiң дамуы да мүмкiн. Оның үстiне қабiлет жалпы,  арнайы, тумыстық, яғни туа бiткен, тастанды, т.с.с.  болады. Қабiлеттiң адам өмiрiнде алатын орны да үлкен. Қабiлет өз дамуы барысында бiрнеше негiзгi сатылардан өтедi. Соларға мыналар жатады: дарын, талант (туа бiткен жоғары қабiлет), ғұлама. Қазiргi кезде қабiлеттi өте көптеген жақтардан қарастыра отырып,  топтастыруға болады. Қабiлет негiзiнен iс-әрекет арқылы көрiнедi. Ал ендi қабiлеттi дамыту мәселесi – психологиялық-педагогикалық мәселе болып табылады. Дарындылық бастамасы болып дарындылықтың шығармашылық түрін айтуға болады.

Шығармашылық қабiлет - бұл бүкiл тiршiлiктiң көзi. Адам бала сының сөйлей бастаған кезiнен бастап, бүгiнгi күнге дейiн жеткен жетiстiктердi шығармашылықтың нәтижесi. Баланың шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психолгия мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттелiп келедi. Шығармашлық әлемдiк мәдениеттiң барлық дәуiрiндегi ойшылдардың назарында болғандықтан «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген iзденiстердiң болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзiнiң логикалық шегiне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негiзгi мақсаты - бүгiнгi күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға  лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешiмдер iздестiру болып табылады. Көтерiлiп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.  Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз  Жүсiп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олардың еңбектерiнде адамның жеке басын, қабiлеттерiн дамытуды үнемi көтерiп отырған.

И.И.Павловтың жоғары жүйке жүйесiнiң типтерi туралы iлiмiн де адам қабiлетiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты екендiгi айтылады. Ұлы физиолог сигнал жүйелерiнiң бiрiнен-бiрiнiң ара сәйкес үш түрлi типi болады деп тұжырымдайды. Олар: суретшi типi, ойшыл типi, аралас тип. Мысалы, «суретшi» өкiлдерiне бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi басым болып отырады. Өйткенi суретшiлер, музыканттар iс-әрекетте есту т.б. сезiм мүшелерiнiң қызметiне сүйенедi. Ал өз тiршiлiгiнде сөздi қару ететiндердiң (математик, филолог, философ т.б.) iс-әрекеттерiнде екiншi сигнал жүйесi (сөздiң) жетекшiлiк роль атқарады. Қабiлеттiнiң дарындылық (балалық кезде ерекше байқалатын, туыстан берiлетiн нышандар жүйесi), таланттың данышпандық деп аталатын кез келген адамға берiлмейтiн жоғары түрлерi де болады. Қабiлеттiң қандай түрi болмасын өлшеусiз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тер төгiлмейiнше, ешқандай қабiлет өз мәнiне ие бола алмайды. Қабiлет адамның жан қуаттарымен тығыз байланысты. Ол наным мен сенiм, күштi ерiк-жiгер,  тұрақты мiнез, алғыр зейiн, еңбек сүйгiштiк, өзiне-өзi қатты талап қоя бiлу т.б. осы сияқты сапалармен ұштасып, бұлар бiрiн-бiрi ылғи да толықтырып отырады. Қабiлеттiлiкке жақын тұрған қасиет-бейiмдiлiгiнiң ертерек көзге түсуi, өзiне-өзi сенуi, өз қабiлетiн бағдарлай бiлуi. Бейiмдiлiк - адамның белгiлi бiр әрекеттен Н.В.Кузьмина оның құрамының 3 түрлi қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бiр-бiрiмен байланысын ашып көрсетедi. Қабiлеттер жайлы еңбектер мен зерттеулелдi талдай отырып, бұлпраблемаға деген қызығыушылықтың үнемi болып отырғандығын және олардың соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екнiн байқауға болады. Аталған еңбектердiң әрқайсысы қабiлеттер мәселенiң теориалық негiздемесiн қамтамасыз етiп, әрi қарай жетiлдiру жолдарын белгiлеуге үлес қосады. Сонымен, қблеттер жайлы айтылғандарды қорыта келе, бiз төмендегiдей тұжырым жасаймыз.

     Қабiлеттер  проблемасы – оқушылардың жекелiк  айырмашылықтар проблемасы. Қабiлеттер  туа бiтетiн қасиет емес.  Олар  өмiр сүру барысында дамып отырады.  Қабiлеттер дәрежесi әр адамда  әр түрлi денгейде болады. Бала  бойындағы жалпы және арнайы  қаблеттердiң алғышарты нышан болып табылады. Қабiлет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.Қабiлет әрекеттiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға мүмкiндiк беретiн бейiмдiлiкте байқалады. «Бейiмдiлiк – адамның әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңiлiнiң аууы, оянып келе жатқан қаблеттердiң алғашқы белгiсi» - деп жазады академик Т.Т.Тәжiбаев. Бала кезде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiк – оның келешек қаблетiнiң көрсеткiшi екендiгiн айтады. «Бейiмдiлiк пен қабiлеттiң соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тiптi бiрiнен-бiрiн ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейiмдiлiк ұмтылу, ал қабiлет мүмкiндiктер», - дейдi психолг Н.С. Лейтес. Баланың бейiмдiлiгiн тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл ойының өсуiне жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалiмдерiнде кiшкентай дарынды бала бойындағы бейiмдiлiктi көре, болжай бiлiу қасиетiнiң, оның әрi қарай дамытуға үлкен жауапкершiлiктiң болғаны дұрыс. Қабiлеттер мәселесiн қарастыруда «талант», «дарын» терминдерiн айналып өтуге болмайды. Көптеген зерттеушiлер мен психолгтар «таланттылық» деп белгiлi бiр салада (өнер, музыка т.б) жоғарғы жетiстiкке жеткiзетiн қабiлеттi атайды. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берiлуi өмiрде көп кездесетiн жағдай болғанымен, ол бiрде-бiр фактор бола алмайтындығын дәлелдейдi.

Францияның  ағарту iсiнiң өкiлi К.А. Гельвеций  адамдардың барлығының бiрдей, терең  дәрежеде болатындығын, сол себептi кез келген баланы талант дәрежесiне көтеруге болады дегендi уағыздап кеткен. Осы пiкiрдi қуаттайтын XIX ғасырдағы немiс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшiн өз ұлын өзi дайындаған жүйесi бойынша тәрбиелейдi. Нәтижеде әкесiнiң атымен аталған кiшкентай Карл 9 жасында Лейпциг уиеверситетiне түсiп, бiр жылда оның толық курсын бiтiрдi. 13 жасында философия докторы деген атақ алды. 18 жасында Гейдельбург университетiнiң профессоры, 23 жасында Берслау университетiнiң кафедра меңгерушiсi қызметiн атқарды. Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенiң адамның iшкi мүмкiндiктерiн ашудың күштi құралы екенiн көрсеткенiмен, Карлдың өзiнiң осындай таңғажайып болуы мүмкiн екенiн де жоққа шығармайды.

К.А.Гельвецийдiң көзқарастарын қолдайтындар арамызда осы кездерде де кездесiп отырады. Мысалы жаңашыл педагог И.П.Волков «егер баланың қасиеттерiн өте жас кезiнен бастап анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау сияқты шара»-дейдi.

«Дарындылық» ұғымына берiлетiн анықтамаларға сүйенсек, «дарындылық» деген адамның (баланың) оны өз қатарындағы адамға (балаға) қарағанда жоғары ақыл-ой қызметiмен ерекшелендiретiн қасиетi.

Таланттылық арнайы iс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткiзсе, дарындылық ақыл –ой қызметiнiң ең жоғарғы дәрежесiмен сипатталады.

Әрбiр талантты балада дарындылық бар да, ал әрбiр дарынды бала талантты болмауы мүмкiн.

Талантты, дарынды балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана  олар қоғамға пайдасын тигiзе алады.

Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесi шығармашылық процесстiң қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатынын бiлудi талап етедi.

Көрнекi француз математигi адамдардағы шығармашылық деңгейді 4 кезеңге бөледi:

    • дайындық кезеңi;
    • инкубация кезеңi;
    • интуицияның жарқ етуi- ЭВРИКА;
    • тексеру кезеңi.

А.Н.Лук шығармашылық деңгейді 5 кезеңге бөледi:

    • айқын және дұрыс қойылған мақсат;
    • күштi жұмылдыру, қосымша мәлiметтер iздеу;
    • проблемадан уақытша кету;
    • интуицияның оянуы- инсайт;
    • нәтиженiң дұрыстығын тексеру.

Жоғарыда келтiрiлген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектердi талдай отырып бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық деңгейдің кезендерiн шартты түрде төмендегiше топтастыруға болады:

  • жаңалықпен бетпе-бет келу;
  • шығармашылық белгiсiздiк, екiұштылық;
  • шешiмнiң жарық көруi;
  • шығармашылық акт;
  • шешiмнiң дұрыстығын дәлелдеу.

 Шығармашылық деңгейдің әр кезеңiнде бала бойында әртүрлi сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезiну, қайшылықтарға деген күдiк, шығармашылық елес орын алады. Белгiсiздiк кезеңiндегi «бас қатырулар» табандылық, танымдық, белсендiлiк, эрудицияны қалыптастырса, еңбектiң нәтижесi баланы жоғары көңiл-күйге бөлеп, жаңа iстерге жiгерлендiредi. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиiстi қасиеттер болып табылады.

Шығармашылық  деңгей баланың ақыл-ойын, қабiлеттерiн  дамытатын болса, келесi кезекте  «дамыту» категориясының мазмұны мен мәнiне тоқталған дұрыс.

«Даму» ұғымы  философиялық сөздiкте «ұғымгершiлiк  өзгерiстердiң белгiлi бiр өлшем  шегiнен шығып, сапалық өзгерiстерге айналуы», - деп түсiндiрiледi. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс  өзiнiң жеткен дәрежесiне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшедi. Терiстеу - белгiлi бiр зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкiндiк туғызу.

Информация о работе Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері