Алматы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 13:28, реферат

Описание

о городе Алматы. Георафическое положение, история.

Работа состоит из  1 файл

Алматы.doc

— 233.50 Кб (Скачать документ)

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

[Қайта құру кезенінде. Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.

Тәуелсіздік кезеңі

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Экономикасы 

         „Самал“ ықшам-ауданы 

Алматы  қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар рыногін дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.

Өнеркәсібі.  2005 ж. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 ж. алдыңғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.

2004 жылы  қалада жалпы құны 169563,2 млн. теңге  өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл  2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда  113,4 % құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге- 113,4 %.

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша  өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары  қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша  өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн. теңгеге жетті, физикалық  көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау — кен өнеркәсібінің үлесі-0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп  салалар:

  • Азық-түлік өнеркәсібі-38,0%;
  • Көлік жасау-15,4%;
  • Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі-10,3%;
  • Кен өнеркәсібі-10,3%;
  • Құрылыс заттарын өндіру-7,6%

Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік  саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп  пен баспа ісі, көлік жасау  салаларына келеді.

2004 ж. өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады.

2004 жылы  қаланың өнеркәсіп орындарында  өндірістің дамуына, негізінен,  жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар  алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд. теңге инвестиция салынды.

2004 жылы  полиграфилық өнім, темірден, ағаштан  және металлопластикадан жасалатын  бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт  өнімдері және т.б. бойынша  44 жаңа өндірісі енгізілді.

35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Қандай  да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.

Тасымалдау.   Алматы қаласы бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес асфальтті жолдардың жалпы ұзындығы 1509,21 шақырымды құрады.

Қала  жолдарының жөндеу аралық мерзімі 12 жыл. Жылына жалпы ұзындықтан 8,33 км-ді жөндеу қажет немесе ол 125,7 шақырымға тең.

1999 —  2004 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 166,16 шақырымға созылған 58 нысан жөндеуден өтті.

2004 жылы  жалпы ұзындығы 10,55 шақырымды құрайтын 4 нысан күрделі жөндеуден өтті, атап айтқанда, олар:

Абай  даңғылы (Алтынсарин — Абай) ұзындығы 1,25 шақырым.

2005 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Алматы қаласында  жолаушыларды тасымалдаумен 196 бағыт бойынша 49 кәсіпорын айналысады (заңды тұлғалар), оның ішінде жеке меншік нысандағы сегіз автобус паркі бар

2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша  қалада жолаушылар тасымалдайтын  63 жеке меншік таксомоторлық кәсіпорын  тіркелген, олардағы жалпы жеңіл көлік саны 698.

Сауда. 2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы  тауар айналымының 34,4% (130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

Жекеменшік  кәсіпорындар арқылы сатылған тауар  айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды.

Есеп  беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн. теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.

Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5 %.

2005 ж. 01 қаңтарына қарағандағы мәлімет  бойынша Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:

  • Өнеркәсіп және азық-түлік тобы-2922;
  • Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-1119;
  • Тұрмыстық қызмет көрсету-1021;
  • Базарлар-76.

Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.

Аймақтық қаржы орталығы.  Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.

2005 жылы  Қазақстан Үкіметімен Сингапур  мен Тайланд қаржы орталықтарын  құру мен дамытуға қатысқан  «Boston Consulting Group Inc.» компаниясы шақырылды.Бұл  компанияның басты мақсаты қаржы  нарығын дамытуда артықшылықтар  мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар  тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.

Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент  бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, "Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 АҚШ долларын, облигация-3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының  — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді  жалғастыруда.

Мәдениеті

      Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапты. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазакстанның ҒА-ның және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала түрғындарына арналып салынған ғимараттар бой котерді.

Алматы  ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.

  • 1929 жылы Алматы зоотех,- малдәрігерлік институты,
  • 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты,
  • 1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал
  • 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және Корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар.
  • 1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
  • 1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.

Информация о работе Алматы