Аймақтық талдау әдістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 12:18, контрольная работа

Описание

1. ҚР аймақтық саясатының мақсаттары, мәселелері мен қағидалары.
2. Аймақтық талдау әдістері, мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асыру құралдары мен механизмдері.

Работа состоит из  1 файл

12 тема.doc

— 50.50 Кб (Скачать документ)

      [gl]Тақырып 12. ҚР АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ[:]

  Тақырып 12. ҚР АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ

  1. ҚР аймақтық саясатының мақсаттары, мәселелері мен қағидалары.

  2. Аймақтық талдау әдістері, мемлекеттік аймақтық саясатын жүзеге асыру құралдары мен механизмдері. 

  1. ҚР аймақтық саясатының мақсаттары, мәселелері мен қағидалары.

     Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаттары, мәселелері, қағидалары.

     Аймақтық  саясат елдің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен мәселелеріне қол жеткізу үшін өмірлік іс әрекет үшін және шаруашылық ету үшін территориалдық факторларды тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің жалпы саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

     Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының мақсаты рационалды территориалды еңбек блінісі мен территориалды өзін өзі басқару қағидаларын құру нешізінде әрбір аймақтың ресурсты-өндірістік потенциалын тиімді пайдалану үшін және халықтың өмірлік қабілеттілігі үшін салыстырмалы тең мүмкіндіктерді құрудан тұрады.

     Аймақтық  саясаттың мақсаттарына қол жеткізу  төмендегі мәселелерді кезеңдік шешуді талап етеді:

  • Аймақтардың шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін өңдеу;
  • Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиялық жағдайларына сәйкес территориалды басымдықтарды анықтау;
  • Жекелеген аймақтарды іріктелген мемлекеттік қолдаудың экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандырумен үйлесуі;
  • Тауарлардың, еңбек пен капиталдың, институционалды және нарықтық инфрақұрылымның аймақтық және жалпы республикалық нарықтарының қалыптасуы және дамуы;
  • Дағдарыстан шығу және әлеуметтік экономикалық дамуды жетілдіру мақсатымен шағын және орта шаруашылықтарды қолдау және қайта құрылымдау;
  • Артта қалған ауылдар мен селоларды өрлету үшін материалдық негіз жасау;
  • Экономиканың рационалды кеңістіктік құрымын құру, өндірістің территориалды ұйымдастырылуын жетілдіру;
  • Өндірістік кешеннің ресурсты-мақсаттық баланстануын қамтамасыз ету, территорияның экологиялы-экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғи ресурстарын қалпына келтіру;
  • Аймақтар бойынша халықтың деңгейі мен өмір сапасындағы айырмашылықтарды теңестіру, аймақтардағы, әсіресе, нашар дамыған аймақтардағы экономика мен әлеуметтік саланың депрессиялық жағдайын болдырмау.

     Аймақтық  саясатты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру  төмендегі қағидаларға негізделеді:

  • Жалпы мемлекеттің және оның жекелеген аймақтары мүдделерінің тиімді үйлесуі;
  • Аймақтар әрекеттерінің сыртқы саясат қағидалары мен мемлекеттің сыртқыэкономикалық әрекеттерімен келісімділігі;
  • Тиімді салааралық еңбек блінісі мен өндіріс интеграциясы негізінде шаруашылық субъектілерінің өзара әрекет етуі;
  • Территорияның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі, экономиканы реформалаудың әлеуметтік салдарларын әлсірету және қаржылық және өндірістік ресурстарды шоғырландыру үшін аймақтардың экономикалық дербестігі;
  • Аймақ халқына кепілдік беру мен әлеуметтік нормативтерін қамтамасыз ету;
  • Халықтың өмір деңгейі мен сапасы үшін аймақтық органдардың жауапкершілігі, материалды-шикізаттық, жер, су, өзге ресурстарды тиімді пайдалану.

     Аймақтық саясаттың бағыттары мен басымдықтары

     Аймақтық  саясаттың мақсаттары және мәселелеріне сәйкес оның негізгі бағыттарын бөліп  көрсетуге болады:

  • Өндірісті қолдау және ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімнің өндірісін арттыру, аймақтардың экспортты потенциалын арттыру;
  • Экологиялық бақылауды күшейтумен болашағы жоқ өндірістерді біртіндеп жою;
  • Шоғырландыру мақсатында жаңа ұйымдық құрылымдар мен технологиялық өзара байланысты өндірістерді қалыптастыру;
  • Халықтың жұмысбастылығын сақтау мақсатында және жаңа жұмыс орындарын ұру мақсатында, жергілікті нарықта тауарлар мен қызметтер ұсынысын арттыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау;
  • Инвестицияларды тарту үшін, әсіресе материалдық өндіріс пен аймақтық инфрақұрылымға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Аймақтың қаржылық ресурстарын, жинақтарды шоғырландыруға қабілетті институционалды инвесторларды қалыптастыру.

     Республикалық аймақтық басымдықтарды анықтау үшін жалпымен қабылданған типология қолданылады, оған сәйкес жаңа салық және бюджет саясатын құру тарапынан үш аймақ бөлініп қарастырылады:

  • 1 топ – жан басына шаққандағы табыстары орташа республикалық деңгейден басым келетін аймақтар (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қ.).
  • 2 топ – жан басына шаққандағы табыстары орташа республикалық табыстар деңгейіне жақын аймақтар (Атырау, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан облыстары).
  • 3 топ - жан басына шаққандағы табыстары орташа республикалық табыстар деңгейінен төмен аймақтар (Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстары).

     Өткізілетін типологияға сәйкес республиканың  территориалды даму басымдықтарының қатарына 1 және 2 топ аймақтары кіреді. Табыс деңгейі жоғары аймақтарда (қазақстандық өлшемдер бойынша) »лидерлер» негізгі экономикалық және өнеркәсіптік потенциал шоғырландырылған, республика экономикасының дағдарыстан шығу және оның әрі қарай өсімі бойынша үлкен сенім артылады.

     3 топ аймақтары - әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен облыстар «аутсайдерлер», оларға мемлекеттік қолдау көрсетуге байланысты ерекше назарға алынуы керек.

     Нарықтық  процестерді жүзеге асыру механизмдерін  нақтылау және аймақішілік басымдықтарын  айқындау мақсатында аймақтарды мамандандыру қағидасы бойынша типология қолданылады.

 Бірінші топ — стратегиялық сипаттағы минералды ресурстар қорларына ие және ел экономикасын әлемдік шаруашылыққа біріктіруге қабілетті, бірақ ауыл мен селоның экономикалық және әлеуметтік артта қалушылығына ие аймақтар.

     Аймақтардың осы топтары үшін басымды болып мына мәселелер табылады:

  • Жаңа игеру технологияларын және минералды шикізатты өңдеу технологиясын енгізу негізінде статегиялық шикізат түрлерін интенсивті игеру (көміртекті, хромиттер, калий тұзы, алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, фосфат, бораттар, никель, кобальт және т.б.);
  • Әлемдік стандарттарға жауап беретін және отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуалды қалыптастыратын (сыртқы халықаралық нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін қонақүй құрылысы, офис ғимараттары, халықаралық порттар, әуежайлар, байланыс желілері, автожол желілері және теміржол) жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды құру.

 Екінші  топ – жоғары ғылыми-өндірістік потенциалға, ауыр индустрияның айқын мамандануына, жоғары-технологиялық ғылыми сыйымды өндірістерге ие аймақтар.

     Осы аймақтардың экономикасын реформалаудың  басымды бағыттары:

  • технико-технологиялық және шетелдік инвестицияларды құру базасы ретінде ірі өндірістік потенциалды әрі қарай қайта құру;
  • электроника құралдары, ақпараттандыру, автокөлік құрылысы, автоматтандырылған басқару жүйелері сияқты жаңа технологиялық құрал-жабдық шеңберінде жаңа ғылыми өнімнің шығарылуын ұйымдастыру.
  • Өндірістің өрлеуін қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы өнеркәсіп салаларына ие жаңа ұйымдастыру формаларын құру, оның ішінде кәсіпорындарды шетелдік және отандық фирмаларға тарату жолымен, шетелдік консалтингтік фирмалар мен мамандарды тарту, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды территориалдық ұйымдастырудің рационалды деңгейін құру.

 Үшінші  топ – агроөнеркәсіптік кешендері елдің азық-түлік қорын қалыптастырудабасымды болып табылатын аймақтар. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттары:

  • Ауылшаруашылық өнім өндірісіне мамандануды жүзеге асыру;
  • Алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық техника лизингі жүйесін құру;
  • Аймақтық АӨК іс-әрекетінің түрлі салаларындағы теңсіздікті жою;
  • Республиканың тұрақты азық-түлік кешенін құру мақсатында ауылшаруашылық шикізатты өңдеу бойынша шағын кәсіпорындардің кең желісін ұйымдастыру;
  • Қажетті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру, ауылшаруашылығының материалды-техникалық базасын нығайту.

 Төртінші  топ – экстремалды жер қыртысы-климаттық, әлеуметтік-климаттық жағдайларға ие депрессивті аймақтар. Осы аймақтардағы шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстардың бұзылуынан олар дағдарыстан өз күштерімен шыға алмайды.

     Аталмыш аймақ топтары үшін басымды болып  табылатын бағыттар:

  • Экологиялық дағдарысты тереңдету процесінің алдын-алу;
  • Жергілікті ресурстарды пайдалануды, ондағы халық тәжірибесі мен дәстүрлерін ескере отырып, шаруашылық кешенді қайта құру;
  • Тұрғылықты халықтың өмір сапасы мен деңгейін арттыру үшін материалдық жағдай жасау бойынша нақты шаралар қабылдау;
  • Шетелдік техника  мен гуманитарлық көмекті тарту және оларды тиімді пайдалану.

Информация о работе Аймақтық талдау әдістер